Ирландия AstraZeneca вакцинасын қолдануға уақытша шектеу қойды
Ирландия AstraZeneca вакцинасын қолдануға уақытша шектеу қойды
Ирландияның иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік кеңесі AstraZeneca Британдық-Швед вакцинасын қолдануды тоқтата тұруды жөн санады, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл шешім вакцина алған Норвегиялықтардың денсаулығы туралы пайда болған ақпараттан кейін қабылданды. Аталған жағдайларға AstraZeneca вакцинасының қатысы бары әлі дәлелденген жоқ, бірақ Ирландия препаратты қолданудан уақытша бас тартуды кұп көрді.