Алматыдағы ұшақ апаты: қара жәшіктегі деректер тексеріліп жатыр

Алматыдағы ұшақ апаты: қара жәшіктегі деректер тексеріліп жатыр

Алматыдағы ұшақ апаты: қара жәшіктегі деректер тексеріліп жатыр
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқанын мәлімдеді. ҚР Үкіметі авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамында Ұлттық қаупсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірліктерінің өкілдері бар арнайы сараптау комиссиясын құрды. «Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесі апатқа ұшыраған аймақта. Борттық жазу құралы («қара жәшік») табылды және ішіндегі мәліметтері тексеріліп жатыр, нәтижелері жақын уақытта хабарланатын болады. Туғандары және туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылған», - деп жазылған хабарламада.