Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады. 

«Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», – деп жазды Президент Twitter-де.

Back to top button