Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады.  "Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы", - деп жазды Президент Twitter-де.