2027 жылға қарай ғарыштағы алғашқы қонақ үй салынбақ

2027 жылға қарай ғарыштағы алғашқы қонақ үй салынбақ

2027 жылға қарай ғарыштағы алғашқы қонақ үй салынбақ
ашық дереккөзі
Америкалық Orbital Assembly Corporation компаниясы Voyager Station орбиталық станциясында әлемдегі алғашқы ғарыш қонақ үйін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мақсат 2027 жылға қарай орындалады, деп хабарлайды REGNUM. Қонақ үйде мейрамханалар, жаттығу залы, кинотеатр және концерт өткізуге арналған алаң болады. Жағажай мен теңізде демалудың орнына туристерге ғарышқа шығу ұсынылады. Қонақ үй all inclusive жүйесі бойынша жұмыс істемек. Алдын ала есептеулер бойынша, ғарыштағы бір апта 50 миллион доллар тұрады.