Жаңалықтар

Xiaomi компаниясы микроскоп-камерасы бар смартфон шығармақ

ашық дереккөзі

Xiaomi компаниясы микроскоп-камерасы бар смартфон шығармақ

Жақында Oppo компаниясы бейнені 60 есе үлкейте алатын микроскоп-камерасы бар Find X3 Pro смартфонын ұсынған еді. Енді Xiaomi компаниясы да сол сияқты смартфон шығаратынын мәлімдеді. Xiaomi-дің жаңа өнімдер жөніндегі директоры Ван Тенг Томастың (Wang Teng Thomas) айтуынша, микроскоп-камера Redmi модельді телефондарда пайда болады. Менеджер жаңа смартфонның сипаттамаларын нақты айтқан жоқ. Xiaomi өкілі тек микроскоп-камераның көмегімен түсірілген суретті жариялады. Жаңа камерамен натрий глутаматының кристалдары түсірілген.