Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілетін болды

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы туған жерінде осындай іспен басталды. Бұл туралы «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахмет фейсбук парақшасында жазды.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық талқылау аяқталды. Қоғамдық талқылау қаланың 15 нысанында өтті.
Барлығы 685 адам қатысты. Талқылау барысында қатысушылардың барлығы ескі атаудан арылып, Алаш көсемінің есімін беру ұсынысын қолдады.

 

Back to top button