2020 жылы 150-ге жуық адам жемқорлық ісі бойынша сотты болған

2020 жылы 150-ге жуық адам жемқорлық ісі бойынша сотты болған

2020 жылы 150-ге жуық адам жемқорлық ісі бойынша сотты болған
ашық дереккөзі
Өткен жылы елімізде жемқорлық қылмыстары үшін 150-дей адам сотталған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде айтылды. 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 149 адам сотталды. Олардың 33-і пара алған, 73-і пара берген, 21-і алаяқтық жасаған, 11-і ұрлық істеген, 8-і лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған. Бас бостандығынан айыруға – 42 адам, бас бостандығын шектеуге – 12 адам, айыппұлдарға – 90 адам, қалғандары шартты мерзімге не мерзімін кейінге қалдыра отырып сотталған (5). Қосымша жазалау шаралары 176 адамға қатысты қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шарасы қолданылуы мүмкін): 145 адам – белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 29 адам – арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 2 адам мүлкі тәркіленіп, сотталған.