Атақты тележұлдызға ұқсау үшін 580 млн теңге жұмсаған ару жұртты таңғалдырды
Атақты тележұлдызға ұқсау үшін 580 млн теңге жұмсаған ару жұртты таңғалдырды
Лондон тұрғыны сырт келбетін атақты тележұлдыз Ким Кардашьянға ұқсату үшін бір миллион фунт стерлинг (583 миллион теңге) жұмсады, деп хабарлайды The Sun.
Чали есімді кейіпкердің айтуынша, ол ешқашан желі жұлдызына ұқсау үшін пластикалық отаға бармаған. "Мен ешқашан Ким сияқты болу үшін пышақтың астына түспедім. Мен ботокс пен гиалурон қышқылын енгіздім, қазір мұны екінің бірі жасайды", — дейді табиғатынан Ким Кардашьянға ұқсайтын ару.
Сонымен қатар, ұлыбританиялық ару Кардашьяндыкімен бірдей бірнеше киім сатып алған. Мысалы, 4 мың фунт стерлингке бірнеше дизайнерлік көйлек, 7 мың фунт тұратын Givenchy сән үйінің пальтосы және 1 мың фунттық Tom Ford брендінің аяқ киімін алыпты.