Жаңалықтар

"Instagram-дағыдай сәнді емес": Павлодарлық бойжеткен гүл сатушының үстінен арызданды

ашық дереккөзі

"Instagram-дағыдай сәнді емес": Павлодарлық бойжеткен гүл сатушының үстінен арызданды

Павлодар облысында бойжеткен гүл сатушысының үстінен арызданды деп хабарлайды Polisia.kz. Басылымның мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, гүл дүкеніндегі сатушы ақшасын қайтармағанын жеткізген. "Шақыртуды пысықтаған кезде бойжеткен полицейлерге Instagram арқылы анасына 8 наурызға бағасы сегіз мың теңге тұратын гүл шоғына тапсырыс бергенін айтты. Сатып алу шартына сәйкес тапсырыстың ақшасын алдын-ала төлеген. Белгіленген уақытта гүлді әкелген, бірақ оған ұнамаған. Ару гүл шоқтарының Instagram-дағы фотодағыдай сәнді болмағанын жеткізді", - дейді Павлодар қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қаптаев. Оның сөзінше, полиция қызметкерлерінің араласуынан кейін дау-дамай шешілген. Арызданған бойжеткенге ақшасы толық қайтарылған. Ал павлодарлық ару басқа гүл шоқтарына тапсырыс бергенін жасырмады. "Анамды қуанту үшін мен тағы бір гүл шоғына тапсырыс бердім, басқа жерге, алайда анама оны 9 наурызда ғана сыйға тарттым", – дейді бойжеткен. =