Ішкі істер органдарында 1,5 мыңға жуық қажетсіз лауазым жойылды
Ішкі істер органдарында 1,5 мыңға жуық қажетсіз лауазым жойылды
Ішкі істер органдарында штат саны 11 процентке қысқарып, 1400-ден астам қажетсіз лауазым жойылды.
Арнайы қабылданған жол картасына сәйкес өзгерістер мұнымен шектелмейді. Алда ішкі істер органдарынан қажетсіз міндеттерді алып тастау жұмысы жалғасады. Мәселен, көші қон қызметінің кейбір жүктемесін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінде көші-қон полициясы 60 қызметті атқарады. Босқындармен жұмыс, оларға әлеуметтік көмек көрсету, еңбек иммигранттарына жеке тұлғаларға жалданып жұмыс істеуге рұқсат беру. Көп жағдайда, дәл осы рұқсат беру міндеті жергілікті әкімшілік құзырында деді ведомство басшысы.