Жаңалықтар

Президенттің қауіпсіздігіне қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Президенттің қауіпсіздігіне қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қауіпсіздігі үшін жылына кемінде 200 миллион рубль жұмсалады. Бұл соманы мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметтерге сүйене отырып "Открытые медиа" басылымы есептеп шығарды.  Бұл қаржыға Ресейдің Ұлттық гвардиясының 400-ден астам қызметкері Қадыровтың өзін, жылжымайтын мүліктерін, резиденцияларын және отбасын қорғайды. Басылымның дерегінше, заң бойынша Қадыров ғана емес, оның анасы мен отбасы мүшелері күзетпен жүруге құқылы.