Қазақстан елшісі Баян-Өлгей аймағының әкімімен кездесті

Қазақстан елшісі Баян-Өлгей аймағының әкімімен кездесті

Қазақстан елшісі Баян-Өлгей аймағының әкімімен кездесті
ашық дереккөзі
Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жалғас Әділбаев Баян-Өлгей аймағының әкімі Бауыржан Дәлелмен кездесті. Сонымен қатар шараға Аймақ Құрылтайының төрағасы Н.Бейбітхан және Өлгей қаласының әкімі Д.Есболат қатысты.
Баян-Өлгей – Моңғолияның батысында орналасқан және негізінен этникалық қазақтар мекендейтін (100 мыңнан астам) 21 аймақтың бірі.
Кездесу басында Қазақстан елшісі Ж.Әділбев Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп отырған реформалар, қоғамды демократияландыру және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жөнінде сөз қозғады.
Қазақстан дипломаты еліміздің тәуелсіздік жылдарында этникалық қазақтардың тарихи Отанына ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізуде екенін айта отырып, қандастарды қолдау мақсатында Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан іс-шаралар туралы қысқаша мағлұмат берді.
Өз кезегінде Баян-Өлгей аймағының әкімі аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін білім беру, медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жүргізіліп отырған жұмыстар мен пысықталып жатқан бағдарламалар туралы айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірлескен мәдени іс-шаралар өткізу және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
 width=