ШҚО жолдары биылдан бастап ақылы болады

ШҚО жолдары биылдан бастап ақылы болады

ШҚО жолдары биылдан бастап ақылы болады
ашық дереккөзі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері ШҚО-дағы қоғамдық тыңдау барысында ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болатынын мәлімдеді. Ұзындығы 464 шақырым болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады. Павлодар облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 8 бақылау аркасы орнатылып, тест режимінде іске қосылды. ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады. Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Павлодар – Омбы жолы да ақылы болатынын хабарлаған еді. Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізіледі. Қытай Халық Республикасы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді. Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады. Жалпы, ШҚО халқы аймақ жолдарына ақылы жүйені енгізуді қолдады. Бірақ, тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникасына жеңілдік қарастыруды сұрады. Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.