Қылмыстық іс қозғалды: 2 мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

Қылмыстық іс қозғалды: 2 мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

Қылмыстық іс қозғалды:  2 мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген
ашық дереккөзі
Ақмола облысында колледж басшысы екі мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп келгенін анықтады. Облыстық ПД мәліметінше, бұл туралы 10 наурызда оқу орнының басшысы полицияға хабарлап айтқан. Полиция қызметкерлері облыстағы ауылдардың бірінің 48 және 49 жастағы екі тұрғынын анықтады. «Педагогтардың үстінен Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі «жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар өз кінәсін мойындады. Әйелдердің осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келгені анықталды», – деді ведомстводан.