Президент Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Президент Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Президент Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Бағдат Әміреев кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңес жұмысының басты бағыттары және оның алдағы даму перспективалары туралы баяндалды. Атап айтқанда, Бағдат Әміреев Мемлекет басшысына ұйымның алдағы уақытта өткізетін жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындық барысы, Түркі кеңесінің тиімді халықаралық ұйым ретінде рөлін арттыру жұмыстары, сондай-ақ, Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары жайында айтты. Президент Кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграцияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсуге мән берді. Осы ретте Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті. Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізеді.