Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды

11 наурыз, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды Ақмола облысының Аршалы ауданы Бұлақсай ауылындағы мектептің жылу қазандығы жарылды. Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға туралы хабар бүгін сағат 13:10-да түскен. «Төтенше жағдайдың салдарынан мектептің жылу қазандығының аумағы 7 шаршы метр болатын бір қабырғасы құлады», – деді ведомстводан. Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, мектепте 114 оқушы оқиды және оқиға болған сәтте олар үйде, қашықтықтан оқытуда болған. Қазіргі кезде Ақмола облысының полиция департаменті тексеру жүргізуде.