Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнтізбесі

ашық дереккөзі

Тәуелсіздік күнтізбесі

1994 жылғы 14 наурызда Қазақ мемлекеттік заң институты құрылды. 1996 жылы қарашада Қазақ мемлекеттік заң уни­вер­си­тетіне, ал 2000 жылы ақпанда Мемлекет және құқық инс­ти­ту­ты­мен бірігіп, Қазақ мемлекеттік заң академиясына айналды. 2001 жылы қазанда Қазақ гуманитарлық заң университеті болып қайта құрыл­ды. 1995 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Орталық сай­лау комиссиясы құрылды. 1999 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі агент­тігі туралы» Жарлығы шықты. 2001 жылғы 13 наурызда Алматыда Қазақ сәулет-құрылыс ака­де­мия­сы­ның студенттер жатақханасында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ес­керткіш тақта орнатылды. 2004 жылғы 14 наурызда Астрофизиологиялық зерттеулер орталығы құрыл­ды. Орталық 2008 жылғы 22 қаңтарда «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ болып қайта құрылды. 2006 жылғы 14 наурызда Лондонда Қазақстанның алғашқы инаугу­ра­ция­лық инвестициялық саммиті өтті. Саммитті Американың Қазақстандағы сау­да палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі Британияның Adam Smith Cоnferences компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған. 2007 жылғы 11 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қа­тар мемлекетінің «Тәуелсіздік» ордені табыс етілді. Бұл – шетелдік мем­лекеттер басшыларына берілетін ең жоғары награда. 2009 жылғы 16 наурызда Алматыда «Алаш Орда» деректі фильмінің та­ныс­тырылымы болды. Фильмнің режиссері – танымал ки­номатографист Қалила Омаров. Фильм Қазақстан Республикасының Ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырмасымен «Алаш» қозғалысының 90 жыл­дығына арналып түсірілген. 2010 жылғы 12 наурызда Дрезден қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдықтың қызметі Гер­ма­нияның Саксония және Саксония-Ангаоль федералдық жерлеріне таралады.