ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасы тексерілді

ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасы тексерілді

ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасы тексерілді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Көкпекті ауданындағы көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасын тексерді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Көкпекті ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа спорт кешеніне бас сұқты. Бұл орталықта кез келген спорт түрімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған (футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолдары, жекпе-жек залдары). Киім ауыстыратын ыңғайлы бөлмелер жабдықталған. Сондай-ақ үлкен автотұрақ пен балалар ойын алаңы да бар. «Бұл жоба тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондықтан оны Шығыс Қазақстанның бұрынғы 13 аудан орталығында жүзеге асырамыз», ‒ деді облыс әкімі.