1 теңізші қаза тапты: ресейлік жүк кемесі Қара теңізге батып кетті

1 теңізші қаза тапты: ресейлік жүк кемесі Қара теңізге батып кетті

1 теңізші қаза тапты: ресейлік жүк кемесі Қара теңізге батып кетті
ашық дереккөзі
Бортында 13 теңізші бар Ресейдің құрғақ жүк таситын кемесі Румынияның Констанца портынан 70 теңіз миль қашықтықта Қара теңізде батып кетті. ҚазАқпараттың Agerpress агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, құрғақ жүк бортындағы теңізшілердің бірі қаза тапқан. Қазір бірнеше румыниялық құтқару кемесі экипаж мүшелерін құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Румынияның теңіздегі адам өмірін құтқару агенттігі (ARSVOM) апат орнына өзіне тиесілі Artemis кемесін жіберді. Оқиға аймағындағы теңіз буырқанып жатыр, толқындардың биіктігі 4 метрге дейін жетеді. Кеменің межелі пункті және бортта қандай жүк болғандығы жайлы әзірге хабар жоқ.