Жаңалықтар

Биыл қазақстандықтарға 447 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

ашық дереккөзі

Биыл қазақстандықтарға 447 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлепуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар- ақпан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 137,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 310,2 млрд теңге бағытталды. Ақпан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 224 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 155,3 млрд теңге бөлінді. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі (оның ішінде базалық зейнетақы бар) 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 100 308 теңгені құрады.