БҰҰ-да саяси кеңесші болып жұмыс істейтін қазақ: БҰҰ-дағы бір бос орынға 800-дей адам үміткер болады

Ғалымжан Кирбасов БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілінің кеңсесінде саяси мәселелер жөніндегі кеңесші болып жұмыс істейді. Бұған дейін БҰҰ-ның Сомалидегі кеңсесінде екі жылдай қызмет еткен ол бүгінде Сирия үкіметі мен оппозицияның арасында диалог ор­нату, конституциялық реформа дайындау, әскери-саяси жанжалдардың ал­дын алу, тараптардың татуласуына түрткі болу, бітімгерлікке шақыру сияқ­ты істерге жауапты. Осы секілді маңызды мәселелерді шешудің басы-қасында жүрген Ғалымжанмен хабарласып, әңгімелескен едік.

peach and white and black photo simple fashion flyer 4
БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің алдында

– Нью-Йорк штатының универ­си­те­тін­де докторантура бөлімін бітірген соң, Бі­ріккен Ұлттар Ұйымына жұмысқа тұ­рып­­­сыз. Еңбек жолыңызды бірден БҰҰ-дан бастадыңыз ба, әлде бұған дейін бас­­қа орындарда қызмет еттіңіз бе?

– Докторантурада оқып жүргенде Колум­бия университетінің студенттеріне бір жыл­дай Орта Азия елдерінің қоғамы туралы дәріс оқыдым. Студенттерімнің басым көп­шілігі Орта Азия елдерінің ішінде Қазақ­станға ерекше қызығатын. Тіпті, арасында Қазақ­станға келіп жұмыс істеуге, қазақ тілін үйре­нуге құлшынып жүргендері бар болды. Аме­рикалық бір студентім Алматыға келіп, жарты жыл уақыт жұмыс істеді. Енді біреуі Қа­зақстан туралы зерттеу жасау үшін елге жиі келіп-кетіп жүрді. Университетте сабақ беру­ден бөлек, Нью-Йоркта бірнеше үкімет­тік емес ұйымдарда арнайы жобалар бойынша жұмыс істедім. Сосын докторантура бойын­ша өндірістік тәжірибені БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас кеңсесінен өтуді ұйғардым. БҰҰ-ға жұ­мысқа тұру үшін сырттан өтінім тап­сы­ратындарға қарағанда, ішінде өнді­рістік тәжірибеден өтіп жүргендер көп нәрседен хабардар болады. Сол уақытта бос орын ту­ралы жарияланған хабарлан­дыру­ларға өті­німдер тапсырдым. Қателеспесем, БҰҰ-ға қатысы бар 50-ден астам жұмысқа өті­нім жі­бердім-ау деймін. Жалпы, БҰҰ-ға жұмысқа тұру қиын. Әсіресе, Нью-Йорк пен Женевадағы кеңсе­лерінде бос тұрған бір орынға шамамен 800-дей адам­ үміткер болады. Тиісінше, бәсекелестік жоғары болған соң көп ұйымдардан бас тарту туралы жауап келетіні түсінікті жайт. Маған сол кезде екі кеңседен, атап айтсам Нью-Йорктегі кеңсе мен БҰҰ-ның Сомалидегі кеңсесінен (UNSOM) жауап келді. Бірақ жауап келген соң да, сені бірден жұмысқа қабылдамайды. Алдымен жазбаша емтихан өткізеді, кейін сұхбаттасуға шақырады. Жалпы, БҰҰ-ға жұмысқа кіру – ұзақмерзімді процесс. Бұған дейін БҰҰ-да жұмыс істеп көрмегендіктен, екі бірдей кеңседен жауап келгенде, қай жаққа барған дұрыс екенін білмей дал болдым. Сосын өндірістік тәжі­ри­беден өткен кезде танысқан әріптестеріммен ақылдасқан едім, олар маған «Нью-Йорктағы кеңсе жақсы-ақ, бірақ Со­малиде өтетін прак­тикалық тәжірибе ка­рьераң үшін тиімді» деп ақы­лын айтты. Со­малидегі миссияның бір ерек­шелігі, онда тіке­лей Сомали үкіметімен, мұн­дағы әртүрлі топ­тармен жұмыс істейсің. Со­нымен қатар кө­мекке зәру мемлекетке кең­седе отырып емес, сол елдің аумағында жүріп еңбек еткен соң, жұмысыңды жақсы түсіне бастайсың, көп нәрсе үйренесің. Сон­дықтан БҰҰ-дағы карьерамның бастауында тәжірибе жинақтау үшін Сомалидегі қызметті таңдадым. Дегенмен онда қызмет ету оңайға соқпады. Жалпы, БҰҰ-ның қатерлі аймаққа көмек көрсету жөніндегі миссия­ларының сипаты әртүрлі. Кейбірінде отба­сыңмен бірге тұра аласың, онда барлық жағдай қарастырылған. Келесі бірінде  де отбасыңмен бірге тұруға рұқсат етілген, десек те криминалды топтар қауіп төндіруі ықтимал. Оның үстіне, ондай аймақта ағылшын тілді мектептер жоқ. Ал енді біріне отбасыңды апара алмайсың, себебі қауіп-қатер деңгейі жоғары, айналаңда лаңкестік әрекеттер жасаудан тартынбайтын  қарулы топтар көптеп жүреді. Мұндай аймаққа қызметкер жалғыз өзі баруы керек. Ал Сомалиде ашылған миссия мен айтқан үшінші санатқа кіреді, онда отбасыңды апара алмайсың. Мұндағы кеңсеміз сырты қор­шалған, күзет қарауында болса да, бұл қауіпті аймақ саналады. Сол себепті жұбайыммен ақылдасып, бала-шағамды Қазақстанда қал­дырдым. Сөйтіп, қанша қауіпті өңір болса да, осында екі-үш жылдай жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайын, кейіннен отбасыммен бірге тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа кең­сеге ауысамын деп жоспарладым. БҰҰ-ның ережесі бойынша, осындай қауіпті ай­мақтарда ашылған миссияларда жұмыс істейтін қызметкер төрт апта бойы жұмыс істеп, бір апта демалысқа шыға алады. Сол се­бепті төрт апта тынбай жұмыс істеген соң, Қазақстанға бір аптаға барып-келіп жүрдім.

–БҰҰ-ның Сомалиге көмек көрсету мис­­сиясында қандай міндеттер атқар­дыңыз?

– БҰҰ әлемнің әр түкпірінде саяси, әлеу­меттік, мәдени және гуманитарлық көмек көрсету бағытында жұмыс істейді. Біздің миссия саяси сипатқа ие болғандықтан, бізге Сомали мемлекетіне саяси тұрғыда көмек­тесу міндеті жүктелді. Нақтырақ айт­қанда, Сомали үкіметіне жаңа конституция жазу, үкіметтің саяси жүйесін құрастыру, мемлекет әскері мен полициясын жасақтау және сайлау өткізу сияқты маңызды істерге көмектесуді мақсат тұттық. Осылайша, Сомалиде екі жыл жи­наған тә­жірибем жеткілікті екеніне көз жеткізген соң, басқа кеңселерде жұмыс істеп көрейін деп шештім.

peach and white and black photo simple fashion flyer
Сомали. Жұмыс барысында

– БҰҰ аясында жұмыс істейтін бол­ғандықтан, Сомалидегі кеңседен Женева­дағы штаб-пәтерге ауысу оңайырақ болған шығар. Екі жыл бұрынғыдай ем­тихан, сұхбаттасу кезеңінен өтпеген бо­ларсыз?

– Жоқ, ешкім сені БҰҰ аясында басқа кең­седе жұмыс істеп жүр екенсің деп, ба­сың­нан сипап, екінші кеңсеге оңай ауыстыра сал­майды. Басқа кеңсеге ауысқың келсе де, ал­дымен хабарландыруларды қарайсың. Алғаш рет жұмысқа тұрғанда қандай ұзақ­мерзімді сынақтан  өтсең, осында да тура сол сынақтан қайта өтесің. Айта кетерлігі, БҰҰ-да жұмыс істейтін қызметкер запаста болады. Алайда мұның айтарлықтай артықшылығы жоқ. Егер басқа аймақтан атқарып жүрген қыз­метіңе ұқсас бір жұмысқа өз еркіңмен ауыс­қың келсе, қайтадан құжат тапсырасың. Бірақ емтихан тапсырған соң, келесі кезең сұхбаттасуды өткізбей-ақ, емтихан нәтиже­лері бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік беруі әбден мүмкін. Десек те, кей кездері қызметкерден жұмысқа тұрғалы жатқан миссияның жұмысынан хабардар екеніңді білу үшін сұхбат алуы мүмкін. Женевадағы кеңсеге жұмысқа тұрмас бұрын, хабарлан­дыру қарап, нәтижесінде көп кеңсеге өтінім жібердім. Көп ұзамай, бірнеше кеңседен жауап келді. Запастағы қызметкер болсам да, емтихан алып, сұхбаттасып, нәтижесінде жолым болып, Женевада БҰҰ-ның Сириядағы саяси процеске көмектесу үшін ашылған кеңсесіне жұмысқа тұрдым. Әу баста, бұл кеңсеге БҰҰ-ның Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі болған Кофи Аннан басшылық еткен. Сосын бұл қызметті Лактар Брахими, Сте­фан де Мистура жалғастырды. Қазір ар­найы өкілі қызметін Гейр Педерсен атқарады.

peach and white and black photo simple fashion flyer 1
Дамаскідегі Уммаяд мешітінің алдында

– Сирия үкіметіне де Сомалидағыдай саяси мәселелерді шешу бойынша көмек көрсетесіздер ме?

– Иә. Негізгі кеңсеміз Женевада орна­лас­қан. Сирия астанасы Дамаскта да кеңсе бар. Ол жаққа барғанда көбінесе Сирияның сыртқы істер министрлігімен кездесу үшін сыртта жүреміз. Біздің кеңсенің негізгі жұмысы – Сирия үкіметі мен оппо­зицияның арасында диалог орнату, әскери-саяси жанжалдың алдын алу, тараптарды татуласуға итермелеу. Қысқаша айтқанда, екі тараптың арасында делдал рөлін атқарып, бітімгерлікке шақырамыз. Сонымен қатар екінші маңызды міндет – Конституциялық реформа жасау. Жалпылама айтсам, аталған жұмыстың барлығына БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сінің №2254 резолюциясы арқылы берілген саяси мандаты бойынша араласуға құ­қылымыз. Бұл резолюция Си­риядағы ушық­қан жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде саяси процестерді жетілдіруге белсене араласамыз. Айта кетерлік жайт, Конституцияны қайта қарау бойынша сириялықтар біздің миссияның қолдауымен ортақ бір мәмілеге келді. Бұған дейін олар бір-бірімен келісе алмай, бұл мәселені шеше алмай жүрген болатын. Нәтижесінде, конституция мәселесі бойынша Женевада жиналыс өткізіп тұратын болды. Соңғы рет осы қаңтар айында бесінші кездесу өткізді. Жалпы, конституциялық комитет 150 адамнан тұрады. Мұның 50-і – үкімет мүше­лері ұсынған делегация, 50-і – оппозиция өкілдері ұсынған делегация, қалған 50-і – аза­маттық қоғам өкілі. Мұнымен қоса, Конституцияны жазуға жауапты редак­циялық комиссия жұмыс істейді. Бұл ко­миссияға аталған үш топтың ішінен 15 адам, жалпы саны 45 адам кіреді. Сонымен қатар Сирия мәселелері бойынша Астана фор­матындағы халықаралық кездесулерге барып тұрамыз. Өзіңіз білетіндей, Сириядағы бітім­гершілікке кепіл мемлекеттер, атап айтсақ Ресей, Түркия және Иран басшылары мен өкіл­дері Нұр-Сұлтанда Сирия үкіметінің мүшелері, оппозиция өкілдерімен жиі бас қосады. Десек те, биыл пан­демияға байла­ныс­ты Нұр-Сұлтан қаласында өтуі тиіс кез­десу Ресейдің Сочи қаласында ұйымдас­тырыл­ды. Аталған миссияда жұмыс істеген үш жылдың ішінде бұл маңызды кез­десуге бес рет бардым.

peach and white and black photo simple fashion flyer 3
Сирия мәселелері бойынша Астана форматындағы халықаралық кездесу кезінде

– Сирияны әлемде от пен оқтың орта­сы деп танитыны белгілі. Басшылығыңыз аталған елдегі шиеленіскен саяси мәсе­лелерді реттеу міндетін жүктегенде, бір­ден келістіңіз бе, жоқ әлде бұл өз таң­дауыңыз ба?

– Иә, Сириядағы жағдай – дүниежүзіндегі ең қиын тартыстардың бірі. Бұл соғысқа бір ел емес, бірнеше мемлекет қатысқан. Бірі үкіметті қолдаса, енді бірі оппозицияны жақтайды. Негізі, тартыстарды шешуге тырысу, ортақ мәмілеге шақыруды қызықты іс деп білемін. Сөйтіп, бітімгершілікке шақыру қызық болып көрінген соң, осы кеңседе жұмыс істеуге келістім. Қазір атқарып жүрген жұмысым өзіме ұнайды. Негізі, Сирияға бес-алты айда бір барамын. Кейде өзім барамын, кейде басқа әріптестерім барады. Десек те, Сирияның басқа аймағы болмаса, біздің кеңсе орналасқан Дамаск анау айтқандай қатерлі аймақ емес. Оның үстіне, Сирия үкіметі бақылауды күшейтіп, қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отыр.

peach and white and black photo simple fashion flyer 2
Ғалымжан отбасымен бірге

– Өзіңіз тұратын Женева қаласында Қа­­зақстанның БҰҰ бөлімшесі жанын­да­ғы Тұрақты өкілдіктің орналасқаны бел­гілі. Сол өкілдік мүшелерімен қызмет ба­ры­­сында жиі араласып тұратын бо­ларсыз?

– Жалпы, Женевада БҰҰ аясында жұмыс істейтін қазақтармен кездесіп, әңгімелесіп тұрамыз. Біле білсеңіз, БҰҰ-да жұмыс істейтін қазақтар жетерлік. Тек олар туралы жұрт­шылық көп біле бермейді. Білетінім, Нью-Йорк пен Женевадағы кеңселерде шамамен 20-ға жуық қазақ жұмыс істейді. Сонымен қатар Африка, Азия аймақтарында практикалық тәжірибе­ден өтіп жүргендер көп болуы керек. Жалпы, негізгі қызметім Сириядағы жағдаймен байланысты болғандықтан, Женевада осы мәселе бойынша жұмыс істеймін деп таңым атып, күнім батады. Елге іссапарға барғанда да үш-ақ күнге барамын.

– Ал Президенттің пәрменімен қолға алынған, Сириядағы соғыс аймағынан отан­­дастарымызды елге қайтаруға ба­ғыт­талған «Жусан» операциясы жайлы есті­ген боларсыз?

– «Жусан» операциясы туралы жаңа­лықтардан естимін. Бірақ бұған БҰҰ-ның қатысы жоқ, біздің миссия арқылы бұл іске араласа алмаймын. Мұнымен жергілікті билік өкілдері айналысады. Осы нау­рызда Сирияда соғыс отының тұтан­ғанына тұп-тура он жыл болды. Он жыл ішінде мыңдаған адам қаза тапты, миллиондаған адамдар босқын атанып, шартарапты кезіп кетті. Сонымен қатар осы уақыт ішінде Сирияның аумағына жан-жақтан кіріп, жағдайды одан бетер ушықтырып, көптеген террорлық топтың жетегіне еріп кеткен азаматтар қаншама. Қазір текетірес бірте-бірте тиылып, мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келе жатқандықтан, кезінде тыныштық бұзғысы келіп, байбалам салған бөтен ниеттілер түрмеге қамалып жатыр. Сирияда Аль-Хол деп аталатын үлкен ла­герьде ИГИЛ тобының жұмысына қатысқан адамдар мен олардың отбасы қамауда отыр. БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсетуге жауапты бөлімшелері лагерьге қамалған­дарды азық-түлік, медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Білуімше, сол лагерьде болған қазақ­стандықтардың отбасыларын «Жусан» арқы­лы елге қайтарып жатыр.

peach and white and black photo simple fashion flyer 5
Альпі бөктеріндегі марафон кезінде

– Сізге отандастарыңыз  тарапынан «БҰҰ-ға қа­лай жұмысқа тұруға болады?» деген сұрақ жиі қойылатын болар?

– Әрине. Менің жұмысыма қызығу­шылық танытатындарға айтарым, халық­аралық ұйымда қызмет істеу үшін, ең ал­дымен кем дегенде БҰҰ-ның екі тілін, ағыл­шын және француз тілін білу қажет. Үшінші тіл ретінде араб тілін меңгеріп алсаңыз, мұ­ның пайдасы орасан зор. Мысалы, қазір БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы кеңселеріне жұмыс­қа тұру мүмкіндігі мол. Байқағаным, БҰҰ-ға жұмысқа тұруға өтінім беріп жатқан­дар­дың арасында араб тілін білетін мамандар аз. Дәл қазір араб тілінде еркін сөйлей ала­тын, сол аймақты жақсы білетін маман­дар­ға сұраныс жоғары. Сосын бірден БҰҰ-ға жұ­мысқа тұру қиынға соқса, біздің ұйыммен бір­ге жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым­дардан жұмыс қарастырған абзал. Онда жи­наған тәжірибе БҰҰ-ға жұмысқа тұруға оң әсерін тигізеді. Бұл ұйымдарға БҰҰ-ға қарағанда жұмысқа орна­ласу оңайырақ. Десек те, аталған ұйымдар БҰҰ қызметкеріне қажетті іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік береді. Тағы бір айтатын маңызды нәрсе, БҰҰ-да немесе БҰҰ аясындағы жобаларды іске асырумен айналысатын көптеген үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін қызмет­кер­лермен байланыс орнатып, нетворкинг жасау керек. Олар жол көрсетіп, жөн сілтейтініне сенімдімін. Сонымен қатар  көмек көрсетуге бағытталған миссиялардан бөлек, БҰҰ-ның бағдарламалары өте көп. Атап айтсақ, БҰҰ-ның Даму жөніндегі бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қыл­мыс мәселелері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының бос­қындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнер­кәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және тағы басқа ұйымдарының бос жұмыс орны туралы хабарландыруы ар­қы­лы жұмысқа орналасуға болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....
zh1

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай...
halima

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы...
05e3e2d5b2498b2e40d0573cc9583052

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем...

Жаңалықтар

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын....

Қол ұстасып көш бастаған

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне  қадам басып отырмыз. Бұл жылдарда  елі­міз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  бас­шы­лығымен бұрын-соңды болмаған мол табыстарға жетті....

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді...

Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе...

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Әсен Жақсылықов Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Әсен Жақсылықов 1980 жылдың 3...

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9...

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Қаракөл ауылынан Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1988 жылғы әйел мен 1986 жылғы ер адам жоғалып...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 264 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz жазды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 446, Алматы қаласы - 717, Шымкент қаласы - 72,...

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен. ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ»...

9 сәуір: тарихи оқиғалар күнтізбесі

Осыдан 2 жыл бұрын, 2019 жылы 9 сәуірде Қазақстан тарихында маңызды оқиғалардың бірі орын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де республикалық телеарналар...

Карантин талабын бұзған әкімге айыппұл салынды

Қызылорда облысында мерекелік шараның бірінде карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды. Бүгінде өңірде бұл бағытта 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Оның құрамында полиция департаменті,...

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік бөлігінде күн...

Оппозиция сайты арандатушы пікірді неге жалаулатып тұр?

Қазіргі кезде электрон ақпарат құралдарын тіркетіп алып, «демократия» деген желеумен ел арасына іріткі салушылар көбейіп кеткен сияқты. Әсіресе шетелде тіркелген сайттарда екіұшты пікірлерді қалай...

Самарқанд облысында жайылымсыз қалған шопандар қалаға қойларын айдап кірді

Қайсы елде болса да, соңғы жылдарда тіршілігін малмен байланыстырған халыққа кедергі көбеюде. Себебі елді мекендердің маңайындағы жерлердің бәрін иелеп алғандар қарапайым халыққа мал жаятын...

Ертісбаев революцияға жол бермеу үшін биліктің не істеуі керек екенін айтты

Бұл жолғы шығарылым талай халықты сорға қалдырған, экономикаларды жұтатқан түрлі-түсті төңкерістерге арналды. Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев Yertysbayev Live YouTube-арнасындағы сұхбатында мәлім етті. Бұл...

Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды

Орал қаласында түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды. Оқиға 7 сәуір күні БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде болды. 1988 жылғы жазасын өтеуші...

Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде...

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы арасында меморандумға қол қойылды

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, тәжірибе алмасуды көздейтін меморандумға қол қойды. –  Түркі академиясы жыл сайын ғылым, мәдениет,...

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти

Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Дініміз жеңілдікті қалайды. Егер коронвируспен ауырып, жазылғаннан кейін денсаулығыңыз ораза ұстауға...

«Nur Otan» партиясы: қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан астам өтініш түсті

«Nur Otan» партиясында қазақстандықтардың қандай түйінді мәселелерін шешуге қол ұшын созып жатқаны туралы айтылды. Жыл басынан бері еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан...

Вакцина алған адам қалай тамақтануы керек

Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда вакцина алғаннан кейін иммунитет жылдам қалыптасады. Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена...

Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашан мектепке оралатынын айтты. «Пандемияға байланысты жағдай тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа кіргенде оқушылар мектепке оралады....

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі...

Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді. «Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу...

Зейнетақы қорынан жарты миллион теңгені қалай алуға болатыны хабарланды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жарты миллион теңгені қандай жағдайда алуға болатынын хабарлады. Бұл туралы Қордың Instagram-дағы парақшасында жазылған. Қорға зейнет жасына жеткен кезде жинақ қандай жағдайда бір рет төленеді...

5 адам қаза тапты: ата-әжесін немерелерімен атып өлтірген

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. ҚазАқпараттың Fox 13 телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, құқық...

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері қандай келісім жасағаны белгілі болды

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты...

Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды

Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды. Дәрігерлердің айтуынша,...

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мемлекет басшысының сынына жауап берді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер күтілген нәтиже әкелмей отыр деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы...

Биыл қанша білім гранты бөлінеді – министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант берілетінін мәлімдеді. «Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыс атқарылуда....

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды....

СҚО-да еліктер аштан өліп жатқан жоқ – инспекция

Солтүстік Қазақстан облысында еліктердің өлуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді. СҚО-да бірер күннен бері әлеуметтік...

Коронавирустың британдық штамы әдеттегіден 1,32 есе жұқпалы – жапон ғалымдары

Жапонияда коронавирустың британдық штаммының таралу коэффиценті бастапқы нұсқасына қарағанда 1,32 есе жоғары болып шықты. Жапония Инфекциялық аурулар бойынша ұлттық институтының мамандары осындай қорытынды жасады,...

Баспасөз хатшысы Президенттің неге «Спутник-V» вакцинасын салдырғаны туралы айтты

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Бұл туралы ҚР Президентінің...

Атырауда ауаның ластануы: «Теңізшевройлға» қатысты тексеру басталмақ

Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы...

Елорда тұрғындары газ қосу үшін пайызсыз несие ала алады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газбен қамтуға жәрдемдесу бойынша жоба іске...

Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылы су астында қалды

Екі өңірдің құтқарушылары Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.  Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары...

Елорданың бас санитары қала тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды. «Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни...

Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан...

Ажыраспақ болған әйелін бопсалаған оралдықтың басы бәлеге қалды

Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам...

Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды

Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті қызметкерлеріне 1992 жылы туған Ж. есімді азамат...

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша қанша адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынғанын жариялады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтанда 21350, Алматыда 48501, Шымкенте 12027, Ақмола...

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі адамның ДНҚ-сы қазіргі Чехия аумағында 45 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелге тиесілі екенін анықтады. Ол үшін Германиядағы Макс Планк...

437,2 мың көпбалалы отбасы 69 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңге жәрдемақы алды. 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2...

Ер адам алып қашқан қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған

Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың мәйіті табылды. Оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол...

Коронавирус: Тағы екі өңір «сары» аймаққа енді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен...

8 сәуір: ел есінде қалған елеулі оқиғалар

8 cәуір егемен ел тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? 1992 жылы Еуропалық Одақ комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды. 1999 жылы...

Жолға таласқан жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар балаға оқ тиді

Чикагода жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар сәбидің басына оқ тиді, деп хабарлайды ABC News.  Полиция дерегінше, екі жүргізушінің қақтығысы олардың біреуі екіншісінің...

COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы. Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай,...

Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген

Алматыда тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, бірнеше...

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды

Бразилияда 18 түрлі мутацияны біріктіретін коронавирустың жаңа қауіпті штаммы табылды, деп хабарлайды Globo порталы. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның жаңа түрі коронавирустың бұдан...

Алматы облысында көпбалалы ана 14-перзентін дүниеге әкелді

Алматы облысы Кербұлақ ауданында алтын құрсақты «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді. Отбасын осы қуанышымен аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады. Бұл отбасыға...

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына...

«Астана» футбол клубы испандық ойыншымен толықты

«Астана» футбол клубы Кадете деген атпен танымал, 26 жасар испандық ойыншы Энрике Лопез Фернандезпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі. Кадете – испандық...

Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді. «Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни, аллергиялық әсер болса,...

Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін

Әйелінің заңсыз әрекетке барғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған Талғар тұрғынына сыйақы беріле ме? Бұл туралы Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтып...

«Бұл кездейсоқтық емес»: Ердоғанмен кездесуде Еурокомиссия төрағасына орындық берілмеді (видео)

Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер кезінде орындық берілмеді, деп жазады The Washington Post. Ердоғанның фон дер Ляйенмен және...