Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары дайын – Бақыт Сұлтанов

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары дайын – Бақыт Сұлтанов

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары дайын – Бақыт Сұлтанов
ашық дереккөзі
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын жариялады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, баға тұрақтандыру бойынша жол картасын әзірледі. «Құжат 44 нақты іс-шарадан тұрады. Әр шара бойынша нақты орындау мерзімі мен жауапты тұлғалар бекітіледі. Олар наурыз айынан бастап іске асырылады. Іс-шараларды 4 бағытқа бөлуге болады. Біріші бағыт – тексерулер мен комплаенс. Іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы атқарылған жұмысты жариялай отырып, мемлекеттік органдар тарапынан бағаны негізсіз көтерген нарық субъектілеріне бақылауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, монополияға қарсы іс-шаралардың өткізілуі және сауда желілерінде сауда үстемесінің көтерілмеуі көзделеді. Бұл барлық тексерулер мораторийге кірмейді. Себебі халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Осыған орай, шекті бағаларды белгілеумен қатар жергілікті атқарушы, монополияға қарсы және фискалды органдар бірлесіп тексерулер жүргізеді», – деді Б.Сұлтанов. Министрдің атап өтуінше, екінші бағыт – сауда іс-шаралары. Ол қолданыстағы тетіктерді жетілдіруді көздейді. Осы шараларды орындау үшін әкімдіктер сауда саясатын іске асыру жұмысын және бақылау функцияларын күшейтуі қажет. Оның ішінде шекті бағаларды белгілеу, нарық субъектілерімен шарттар жасасу, «айналым схемасын» ұлғайту ұсынылады. Бұған қоса, экспорттық тауарлар мен шикізатқа квоталарды орнату қарастырылған. «Үшінші бағыт - өндірісті ұлғайту және кәсіпорындарды қолдау. Іс-шаралар кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайтуға, шығындарды өтеу және қолданыстағы субсидияларды қайта қарау арқылы ынталандыруға бағытталған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірушілері үшін электр энергиясы тарифтерін бір қалыпта ұстау көзделген. Бұдан басқа, импортқа жоғары тәуелді тауарларға бағдарлана отырып, тұрақтандыру қорлары қайта қаралатын болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен бірлесіп көктемгі егіс жұмыстары кезінде форвардтық келісімшарттарды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтеді», – деді Бақыт Сұлтанов. Министрдің атап өтуінше, төртінші бағыт – заңнамалық өзгерістер. Бұл бағытта мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін оңайлату, шекті бағаларды белгілеу туралы қаулыларды келісу мерзімдерін қысқарту, бағаларды болжау тетігін енгізу сияқты түбегейлі өзгерістер қарастырылған. «Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында тапсырылған, Ұлттық тауар өткізу жүйесі мен әлеуметтік әмиянын жедел іске қосу бір жағынан бағаны тұрақтандарады, екінші жағынан отандық тауар өндірушілер үшін өнімдерін сату нарығына және олар үшін экономиканың айналымындағы қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді министр.