Амалда амандасып, көріскенде кешірімді бол!

Амалда амандасып, көріскенде кешірімді бол!

Амалда амандасып, көріскенде кешірімді бол!
ашық дереккөзі
Жыл сайын наурыздың 14-інде қа­зақ­тардың басым көпшілігі Амал ме­ре­кесін немесе Көрісу күнін той­­­­лайды. Кө­рісу ме­ре­кесі Батыс Қа­зақ­­стан, Маңғыстау, Аты­рау об­лыс­та­рында және Ақ­төбенің кей­бір аудан­да­рын­да, Ре­сейдің Аст­ра­хан, Саратов, Орын­бор өңір­­лерінде, Қа­рақалпақ­стан­да ата­лып өтіледі. Амал­­дың ерек­шелігі − Нау­рыздан бір апта бұ­рын той­­ла­на­тыны жал­пыға белгілі. Шы­нын­да, Көрісу кү­ні­нің әлі нақты ғы­лыми тұ­жырымы жоқ. Кейбір архео­лог ға­лым­дар дәс­түр­­дің та­мыры моң­ғол мен ты­валық ха­лықтарда жатқа­нын айта­ды. Де­генмен Көрісу күні (Амал мере­кесі) туралы түр­лі болжам бар. Солар­дың бір па­ра­­сын назар­ларыңы­з­ға ұсы­намыз.  width= Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тарихшы, этнолог:

– «Көрісу» – қазақтың Наурыз мей­­­­рамының негізгі салтының бірі. Кеңес заманында әбден ұмы­ты­лып барып, жаңа жанданып жа­тыр. Қазаққа қыс мезгілі қа­шан­да ауыр болған, тіпті ертеде тү­гелге жуық Сырдың бойынан бас­тап Жиделі Байсынға дейінгі ай­мақта қыстап отырғанда да қи­нал­са керек. Себебі қыс қытымыр бо­лып жатса мал ашығады, кейде көк­темге қарай жаңбыр ерте жауып, не қар еріп барып қайта қа­тып жұт бас­талып кетеді. Кө­те­рем мал қы­ры­ла бастайды. «Мал ашуы – жан ашуы», қыс-қамытта бір жер­ден екінші жерге көшіп, не ма­лын алысқа айдап, жайылымға бо­ла дау­ласып бір-бірімен араз­да­сып ел­дің есі шығады. Оның үс­ті­не, мал­дың пайдасына бола қазақ шаруа­шылықтары бір-бірінен қыс кезінде алыстау отырады, себебі қыста да жайылым керек, ол уа­қыт­та қазақ шөп-азық дайын­да­май­­ды дегендей. Осындай қиын­дық­тардан шыққаннан кейін Нау­рызды қазақ қуанып қарсы ал­ма­ғанда кім қарсы алады? Нау­рызға қазақ қуанбағанда кім қуа­на­ды? Көрісу де осыған байла­ныс­ты шық­қан. Қыс бойы бір-бірінің өлі-тірі­сін біле алмай сағынған елдің жасайтын жоралғысы. Бір-бірін құшақтап, кейде өлгендерін жоқ­тап, кейде тірі қалғанына шү­кірлік айтып көріседі.

Қазақтың аңыз-әңгімелері Нау­рыз­ды Нұх пайғамбардың за­ма­ны­мен байланыстырады. Жер бе­тін топан су басқан оқиға оқыр­ман­ның бәріне де белгілі. Нұхтың жа­нында Құдайға сенген 80 адам бар, үш ұл, үш келіні бар алты ай он күн су бетінде қалқып жүріп, өл­дік-талдық дегенде Қазығұрт тауы­ның ұшар басына тоқтапты дей­ді. Біреуі ата-анасынан, біреуі ба­ла­сынан айырылған, уайым-қай­ғы бас­қан ел осы жерде жан ша­қы­рыпты. Мәшһүр Жүсіп Кө­пей­ұлы Нұхтың әңгімесін баяндай ке­ле: «Кеменің Қазығұрттың ба­сы­на тоқтаған күн қасиетті Мұхарам айының оны екен, жұлдыз есебі­мен санағанда күннің Хамалдың бірін­­ші уәжібіне кірген күні» дей­ді. Арабтың календары ай есе­біне не­гізделгеннен кейін ылғи да өз­геріп отырады, дегенмен Мұхарам айы оларда қасиетті ай, жылдың басы деп құрметке ие, ал жұлдыз есе­бі­мен санасақ Хамал қазіргі уа­­­қытта Тоқ­ты аталады және март­қа сәй­ке­седі. Осы себепті қа­зақ жерінің ба­тыс аймақтарында Наурызды «Амал мерекесі» деп те атай­ды, «Амал» дегені «Хамалдан» шы­ғады.

 width= Серік ЕРҒАЛИ, мәдениеттанушы, этнолог:
– Наурыздама («наурызнама» емес, қазақтың тойлату секілді «нау­­­­рыздату» етістігінен) дәстүрі бұ­­рынырақта наурыздың алғаш­қы күнінен бастап елдің батыс өңі­ріне қоса, Сыр өңірінің барлы­ғы, Қостанай, Торғай аймағы, ре­сей­лік Ажтархан (Астрахан), Са­ры­тау, Са­мар, Орынбор облыстары атап өте­тін. Бірақ оны «амал» деп те, «кө­рісу» деп те атамаған, «Нау­рыз» де­ген. «Амал» деп атау 1988 жы­л­дан мерекенің 21-22 наурызға рес­ми­ленуінен бастап, халықтық Жыл басы күнінен ажырағысы кел­меген бұқара 14 наурызды «Амал» деп атауға мәжбүр болды. Бір мейрамның екі сипатының бі­рігуінен Жыл мерекесінің маз­мұ­ны мен маңызы бүгінде ба­рын­ша тарылды, рухани құнды­лы­ғы­мыз­ды біршама шатасуға итер­ме­леп отыр. Шын мәнінде, халқымыз Нау­рыз айының алғашқы (ескіше – 1 нау­­рыз қазіргі 14-не сәйкес) күні­нен бастап, Наурыз мерекесін бір ай бойы мейрамдаған. Қазақтың бел­гілі білімдары − Мәшһүр Жүсіп Кө­пейұлы өзінің 8 күндік нау­рыз­дама өтетінін жазады. Ол ескіше: 1-8 наурыз, қазіргі күнтізбеде 14-21 наурыз аралығы. Тағы бір дәйек: Шәкәрім ата­мыз­­дың баласы Ахаттың естелі­гін­­де: «14 март – ескіше 1 март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1 март, қа­зақша жаңа жыл, ұлыстың (ұлы істің) ұлы күні дейді. Ал жаңа жыл­­дың бұрынғы аты – Наурыз, бұл – фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қал­дырамыз деп, құрбан, ораза айт­тарын ұлыс (ұлы іс) күні дегі­зіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрік­ше жаңа жыл күнінің аты – ұлы іс. Жаңа жыл басының ұлыс еке­ніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс (ұлы іс) күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата ал­са, сонда олжалы жол болар». Шындығында, 13 наурызбен 90 күндік ескі жылдың қысқы мау­сымы бітетінін ескеріп, астро­но­миялық үдеріс кезінде күннің Амал жұлдызына беттеуі жыл ба­сымен сәйкесуі «табиғи Жыл ме­жесі» болып табылады. Жылдың ауысуы да осы құбылысқа тән. Жә­не тоңның жібіп, көктемнің келуі осы жайтқа қатысты. 14 наурыз – жылдың, көктем­нің басы! Сол себепті қазақтар бір бірі­мен қауышу рәсімін жасап кө­ріс­кен, яғни қауышу рәсімін жа­саған. Бір жылдың артта қалға­нын және жаңа жылдың келгенін осы­лай қарсы алған. Мүшел жылы 1 қаңтарда да, 22 нау­рызда да кірмейді, қазақтың есе­бі бойынша 14 наурызда кіреді. Жыл­­қы жылы мүшел жүйесі бойын­­ша 14 наурызда кіріп, көк­тем­­нің алғашқы күнін, жаңа жыл­дың маусымашар күнін бастайды. Ескі жылмен қоштасу 13 наурызда болып өтеді. «Көрісу күніне» телініп жүрген мы­­на ғұрыптың бәрі кәдімгі нау­рыз­дама жоралғылары болып та­бы­лады. Бұл күні ауыл тұрғындары ер­те тұрып, елең-алаңнан жасы үл­кен адамдарға сәлем береді. Көр­ші-көлем бір-біріне «Жасың құтты бол­сын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұ­мырың ұзақ болғай!» деп тілек ай­тады. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз алты ай қыстан аман-есен шығып, көктемге иек арт­­қан шақта ағайынды іздеп ба­рып, амандық сұрасады. Төс қа­ғыс­тырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілек ай­тады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-ре­ніш кешіріліп, араздық ұмыты­ла­ды, көрші-көлем бір-бірін наурыз­кө­жеге шақырып, меймандардың от­басына, ағайын-туыстарына аман­дық-саулық, құт-береке ті­лей­ді. Көрісу – тек адамдардың бір-бі­ріне амандасып, жақсылық ті­лей­тін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәс­түрлі көрініс. Қариялардың ай­туынша, бұл күні реніште жүр­ген жандар бас араздығын ұмы­тып, татуласады. Сондықтан кө­рісу айты – ағайын мен туыс ара­сын­дағы байланысты бекіте түсе­тін дәстүр.
 width= Ғарифолла ӘНЕС, филология ғылымдарының докторы, профессор:
− Тарих – тамыры тым терең­де, дінсіздікке бой алдырмаған, им­периялық өктем сана-сезімі өш­пеген халықтың ғана болашағы бар. Сондай ұлттың ғана рухы биік, оның мәдениеті мен әде­бие­ті­нен, философясы мен музыка­сы­нан... ең бастысы – іздегенің та­былады, оны қайта қалпына кел­тіру, тамыр-тамырға жүгірту уа­қыт­тың еншісіндегі харекет. Тек соның соңына түсетін ұлан болса... «Батыс Қазақстан», «Солтүстік Қа­­зақстан», «Жетісу» энцик­ло­пе­дия­ларымызға сұрау салдық, «Қа­зыбектің Наурызын кім біледі?» деп. «Қазаққа төл календарын жа­сап берген Байбақтының Қазыбегі деген кісі болған» дегенді алғаш күнделігіне араб қарпімен жазып кеткен Ғабит Мүсірепов болатын. «Қазақ әдебиетінде» (18.03.1977 ж.) клас­сик жазушының тағы бір қай­талап жазғаны бар: «Марқұм, ақын Нұрпейіс Байғаниннен «Алматыға қашан келесіз?» деп сұрағанымда: «Қа­зыбек қазаны өткен соң келе­міз» дегені бар еді. Соған қарағанда, өткен «наурызға» қосылған 12-13 күн күзгі айларға да қосылғаны ғой. Бұл жайды Батыс Қазақстан ға­лымдары білуі тиіс. Өйткені Қа­зыбек астрономның өзі байбақты ішін­де тұратын Сиық Сұлтанның тұқы­мы көрінеді». Әріректегі тағы бір жазбаға иек артсақ, 1869 жылы Санкт-Петербордан түрколог Л.Буда­говтың 2 том сөздігі шыққан. Оның құндылығы – барша түркі тілдерінің тіл байлығы салыс­ты­ры­ла қамтылғанында. Ғалым бір жа­рым ғасыр бұрын жазып отыр: Қа­зақта 2 Наурыз бар. Бірі – жас нау­рыз, марттың 22-сінде тойла­нады; екіншісі – қарт наурыз, ол «Қазыбек Наурызы» деп аталады, Жас Наурыздан 10-11 күн бұрын той­ланады… Ақ патша заманында қа­зақты қайтсем тезірек шоқынды қы­лам деп жанталасқан А.Алек­торов деген миссионер өткен еді. Бірақ сол қаскөйіңнің қаламының ұшына қазақтың бұрынғыдан қалған талай-талай сөз маржан­дары іліккенін де ұмытуға болмай­ды. «Байбақты Қазыбектің кален­дары болған» дегенді ол да айтып өтеді. Сонымен, біздің айтпағымыз: елі­міздің батыс өлкесінде жоғал­май сақталып, күні бүгінге дейін жаңа жылдың үшінші айының он төр­тінші жаңасында аталып өтетін «кө­рісу» – осы қарт наурыз, бай­бақ­ты Қазыбектің наурызы. Оны ғы­лыми тұрғыдан сипаттау, ақи-та­қи түсінік беру, Ғабеңше айтсақ, ға­лымдардың шаруасы.

Дайындаған

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ