Педагогикалық мамандыққа қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді

Педагогикалық мамандыққа қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді

Педагогикалық мамандыққа қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұдан былай мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын айтты. 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Ол толығымен электрондық форматта жүреді. «Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі», - деді Аймағамбетов үкімет отырысында. Сонымен қатар, министр кадр дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары күшейтілгенін мәлімдеді. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты.