Байден вакцинаны бүкіл әлеммен бөлісуге уәде берді

Байден вакцинаны бүкіл әлеммен бөлісуге уәде берді

Байден вакцинаны бүкіл әлеммен бөлісуге уәде берді
ашық дереккөзі
Америкалықтардың бәрі коронавирусқа қарсы препаратпен қамтамасыз етілген кезде АҚШ вакцинаны әлемнің басқа елдерімен бөлісуге дайын. Бұл туралы ел президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. "Біз мамыр айының соңына дейін елдің барлық ересек тұрғындары үшін вакциналардың жеткілікті мөлшеріне қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біз ойлағаннан анағұрлым ертерек болмақ", - деді ол. Саясаткер Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігіне тағы 100 миллион доза вакцина сатып алуды тапсырғанын айтты. АҚШ басшысының айтуынша, егер елде вакцина артылатын болса, онда мемлекет қолда барын әлеммен бөлісуге дайын. "Әлемнің өзге бөлігіне қауіп төніп тұрғанда біз қауіпсіз бола алмаймыз", — деді президент.