Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті сайланды

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті сайланды

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті сайланды
ашық дереккөзі
Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) президент қызметіне қайта сайланды. Бұл туралы ұйым сайтында хабарланды.  Ұйымның онлайн режимде ұйымдастырылған 137-сессиясында сайлау ұйымдастырылып, оның нәтижесі бойынша ХОК тізгіні Томас Бахқа қайта сеніп тапсырылды. Ол ұйым мүшелерінің 93 дауысын жинады. Томас Бах жаңадан сайланған қызметіне 3 шілде-8 тамыз аралығында өтетін Токио Олимпиадасынан кейін кіріседі. Естеріңізге сала кетелік, ол - Халықаралық Олимпиада қомитетінің тоғызыншы президенті. Бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Аталған ұйымға 1991 жылы мүше есебінде қабылданған ол 1996-2000 жылдар аралығында атқару комитетінің құрамына енді. Ал 2000-2013 жылдарда вице-президент болды. Биыл 68 жасқа толатын Томас Бах 1976 жылы семсерлесу спортынан Олимпиада чемпионы.