Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті сайланды
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті сайланды
Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) президент қызметіне қайта сайланды. Бұл туралы ұйым сайтында хабарланды.
Ұйымның онлайн режимде ұйымдастырылған 137-сессиясында сайлау ұйымдастырылып, оның нәтижесі бойынша ХОК тізгіні Томас Бахқа қайта сеніп тапсырылды. Ол ұйым мүшелерінің 93 дауысын жинады.
Томас Бах жаңадан сайланған қызметіне 3 шілде-8 тамыз аралығында өтетін Токио Олимпиадасынан кейін кіріседі.
Естеріңізге сала кетелік, ол - Халықаралық Олимпиада қомитетінің тоғызыншы президенті. Бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Аталған ұйымға 1991 жылы мүше есебінде қабылданған ол 1996-2000 жылдар аралығында атқару комитетінің құрамына енді. Ал 2000-2013 жылдарда вице-президент болды.
Биыл 68 жасқа толатын Томас Бах 1976 жылы семсерлесу спортынан Олимпиада чемпионы.