Жаңа қаулы: Алматыда базарлар мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді
Жаңа қаулы: Алматыда базарлар мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді
Алматыда Наурыз және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирустың алдын алу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысында айтылған.
Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда топтық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу) нысандар мен үйлерде өткізуге тыйым сақталады.
Бұдан бөлек, Наурыз және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат жоқ. Қызметі рұқсат етілмеген объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл – боулинг орталықтары, компьютер клубтары («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары. Сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі және жексенбіден басқа күндері әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Екі күн демалыста жабық базарлардың қызметі тоқтатылады. Ашық базарлар (азық-түлік және азық-түліктік емес) тек жексенбі жабық болады. Супермаркеттер мен гипермаркеттер сағат 06.00-02.00 аралығында жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қалада дәмханалар жұмысына шектеу жасалды. Қоғамдық көліктерге, таксилерге, метрода, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жүргізу жүктеліп отыр.
Сондай-ақ оффлайн режимінде жиналыстар (кеңестер) өткізуге тыйым бар. Атап өтілгендей, коронавирус инфекциясының жеңіл немесе орташа және симптомсыз түрімен ауыратын науқастардың үй карантинін сақтау мүмкіндіктері болмаса ауруханаға жатқызылады. Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.