Тұман, көктайғақ, жел: Республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады

Тұман, көктайғақ, жел: Республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады

Тұман, көктайғақ, жел: Республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысында таулы аудандарда нөсер жауын жауады. Тек күндіз республиканың батысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола обласының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, кей жерлерде жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар облысының бірқатар аумағында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, кей жерлерде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысында түнде тауда тұман түседі, кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 18 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде - тұман.