Зағипа Бәлиева жаңа қызметке тағайындалды

Зағипа Бәлиева жаңа қызметке тағайындалды

Зағипа Бәлиева жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Зағипа Бәлиева Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының проректоры қызметіне тағайындалды.

Ол бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының төрайымы, Қазақстанның Әділет министрі, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған болатын.

«Ректорлар кеңесінің отырысы болды. Жиын барысында мен университеттің стратегиялық даму және инфрақұрылым, цифрландыру жөніндегі проректоры болып тағайындалдым. Жұмысқа бүгін кірістім», – деді З.Бәлиева. Оның айтуынша, университетте зертхана көп. «Мұнда ғалымдар COVID-19 вакцинасын жасап жатыр. Профессорлық оқытушылық құрам өте мықты», – дейді экс-депутат. Зағипа Бәлиева - 1958 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Киров атындағы мемлекеттік университетті заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Ол «Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» ордендерімен марапатталған.