Пандемия кезінде оқушылардың психикалық жай-күйінің бұзылуы артқан

Пандемия кезінде оқушылардың психикалық жай-күйінің бұзылуы артқан

Пандемия кезінде оқушылардың психикалық жай-күйінің бұзылуы артқан
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы мектеп оқушыларының психикалық жай-күйінің бұзылу жағдайының айтарлықтай артуына алып келді. ҚазАқпараттың ORF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап жазуынша, Дунай Кремс университеті мен Вена медицина университеті бірлескен зерттеу жүргізген, оған 3052 оқушы қатысты. Нәтижесінде балалардың 56 пайызында депрессия белгілері бар екені анықталды. Оқушылардың жартысы мазасыздықты сезінеді, төрттен бірі ұйқының бұзылуынан зардап шегуде. Әрбір алтыншы оқушыда (16%) күн сайын суицид туралы ой болады екен. «Депрессия мен мазасыздық белгілерінің, сондай-ақ ұйқының бұзылуының жиілігі бес-он есе өсті және бұл үрдіс күшейе түсті. Сондай-ақ қазіргі уақытта суицид туралы ойға бататын жастардың көп болуы алаңдатуда», – дейді Дунай Кремс университетінің зерттеу жетекшісі Кристоф Пие. Зерттеушілер пандемия кезінде мектеп оқушыларының смартфонға кететін уақыты едәуір артқанына назар аударды. Оқушылардың шамамен жартысы телефонға күніне бес немесе одан да көп сағат жұмсайды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп. «Психикалық ауытқулардың жиілігі ұялы телефонды күнделікті қолданудың көбеюіне байланысты артады», – деп атап өтті Кристоф Пие.