Қазақстанда күн күрт суытады – Қазгидромет

Қазақстанда күн күрт суытады – Қазгидромет

Қазақстанда күн күрт суытады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді, – деп хабарлады Қазгидромет. «Жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын байқалатын циклонның артынан суық cолтүстік-батыс антициклон жылжи бастайды. Салдарынан жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізінің аудандарынан циклонның шығуы әсер етеді, ол жауын-шашын әкеледі, кей жерде қатты жаңбыр, қар жауады. Кей жерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады», – делінген хабарламада. 12 наурыз түнде Қарағанды және Ақмола облыстарда жаяу бұрқасын күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман күтіледі. 13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 12-13 наурыз аралығында ауа температурасының 7-12, кей жерлерде 16 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 13-14 наурызда Түркістан облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз облыстың басым бөлігінде, 13-14 наурызда тәулік бойы кей жерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с бұрқасын болады. 12 наурызда күндіз таулы аудандарда екпіні 30 м/с және одан аса дауылды жел күтіледі. 13 наурызда күндіз ауа температурасының 16-21, кей жерлерде 6-11 градус жылыдан, 3-8 градус жылы, кей жерлерде минус 0-5 градусқа жетуі мүмкін.