ЭКСПО-ның 74 мың билетін сатып алды
ЭКСПО-ның 74 мың билетін сатып алды
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы үстіміздегі жылдың 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», «CITS» «Alessandro Rosso Group», «Monaco Ukraine Group» және т,б, тур операторлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды, деп хабарлады Ұлттық компания.
Ақпараттық тур «Астана ЭКСПО-2017» бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар, өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 тур компаниямен келісімшартқа қол қойылды.