Алматыда карантин режимі күшейтілді

Алматыда карантин режимі күшейтілді

Алматыда карантин режимі күшейтілді
ашық дереккөзі
Алматы қаласы коронавирус таралуына байланысты «қызыл аймаққа» өтті. Осыған орай қалада карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Брифинг барысында журналистер Наурыз мерекесіне байланысты эпидемиологиялық ахуал қалай өзгеретінін сұрады. «Кез келген мереке халық арасындағы байланысты арттырады. Яғни, бұл ауру таралуының көрсеткішін ұлғайтады. Жұртшылық Наурыз мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Ал бүгіннен бастап Алматы эпидемиологиялық ахуал матрицасының қызыл аймағына өтті. Енді жаппай бұқаралық шараларға тыйым салынады», деді Ә.Қалықова. Оның айтуынша, қалада шектеу шаралары күшейтіледі. Жақында қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланады. Қазір құжат талқылау сатысында жатыр.