ЭКСПО көрмесіне тағы 1500 ерікті алынады

ЭКСПО көрмесіне тағы 1500 ерікті алынады

ЭКСПО көрмесіне тағы 1500 ерікті алынады
ашық дереккөзі
Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3000 еріктілер қатарына тағы да мың жарым адам алынады. Бұл қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шараларға байланысты туындап отыр. Атап айтсақ, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатынын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттермен жұмыс атқарылып жатыр. Көрмеге қатысушылар саны артуы мүмкін деген болжам да бар. Еріктілерді іріктеу барысында тестілеуден алғашқы болып ЖОО студенттері өтеді. Өңірлер мен Алматы қаласынан қатарға қосылғысы келетін еріктілер үшін әңгімелесу күздің аяғына таман ұйымдастырылады. ЭКСПО-2017 еріктілері қатарына 18 бен 80 жас аралығындағы кез-келген адам қосыла алады. Тек қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі қажет.