Мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді
Мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді
Украинада мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы Ровенский аймақтық шұғыл медициналық көмек орталығының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.
Медициналық мекеменің мәліметінше, анасы баланы бесік арбада тыныстамай жатқан күйінде тапқан. Бұл кезде сәбидің бетінде мысық жатыпты. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқаруға барын салып, ата-аналарының талап етуімен нәрестені Острожский орталық аймақтық ауруханасына жеткізген.
Дәрігерлердің сәбидің өлімі туралы хабарлаудан басқа амалы болмаған. Нәресте мысық үстіне жатып алғаннан кейін тұншығып қалған екен.
Айта кетейік, бұдан бұрын Үндістанда маймылдар жаңа туған сәбиді ұрлап кетіп, өлтіріп қойған еді.