Елорда әуежайында 16 рейс кейінге шегерілді

Елорда әуежайында 16 рейс кейінге шегерілді

Елорда әуежайында 16 рейс кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді. «Күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін, одан ұшып шығатын бірнеше рейс тоқтатылды. Жолаушылар толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен немесе әуе компанияларының колл-орталығынан біле алады», - деп түсіндіріп өтті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов. Елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы ұшып шығуы тиіс 6 рейс пен қонуы тиіс 10 рейстің кейінге шегерілгенін нақтылады.