COVID-19: 56 науқастың жағдайы өте ауыр

10 наурыз, 2021 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
COVID-19: 56 науқастың жағдайы өте ауыр Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. «10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 230 адамның жағдайы ауыр; • 56 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.