Токио Олимпиадасына шетелден көрермен кіргізілмейтін болды

Токио Олимпиадасына шетелден көрермен кіргізілмейтін болды

Токио Олимпиадасына шетелден көрермен кіргізілмейтін болды
ашық дереккөзі
Жапония билігі Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шетелдік көрермендер шақырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kyodo News Ел үкіметінің мұндай шешім қабылдауына жапон жұртшылығының індетке қатысты алаңдаушылығы және көп елде коронавирустың жаңа түрлерінің анықталуы себеп болды. Десе де, әлі ресми шешім шығарылған жоқ. Алдағы аптада Жапония үкіметі және Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті Халықаралық Олимпиада комитеті өкілдерімен қашықтан жиналыс өткізіп, бір тоқтамға келмек. Коронавирус індетіне байланысты жапониялықтар Олимпиаданы өткізуге қарсылық танытып отыр. Бірақ ел үкіметі жазғы ойындар қайткенде де өтуі тиістігін алға тартып отыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ХОК Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттерді вакцинациялау шығынын өз мойнына алатынын мәлімдеген.