10 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

10 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

10 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар
ашық дереккөзі
10 наурыз тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай атаулы күндер және тарихи оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік.  2005 жылы Қарағанды қаласындағы Фестивальный көшесіне Қазақ ССР құрметті кеншісі Оразалы Шәкіровтың есімі берілді. Кеңес Одағы кезеңінде Оразалы Шәкіров (1930-2002) он жылдай Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылы Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығының қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың (1922-2011) осыдан 60 жылдай бұрын майданнан жазылған бірегей хатын тапты. Мұрағаттан хабарлағандай, өлеңмен жазылған хат «Майданнан жазылған хаттар» құжаттар топтамасынан табылып отыр. «Бірегей және құнды хатты біздің жерлесіміз, жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов 1944 жылы Беларусь майданында шайқасып жүрген жылдары Жарма аудандық газетіндегі әріптестеріне жолдаған. Өлеңмен жазылған хатын ол «Біз Берлинге барамыз!» деп атаған. Аудандық газет қызметкерлері сақтауға тапсырған бұл құнды мұра кеңес дәуірінің тұсында ұзақ жылдар бойы Жарма аудандық мұрағатында сақталып келген, кейіннен ол Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығына келіп түскен. 2010 жылы Қазақстан мен Тәжікстанның мәдени және әдеби байланыстарына арналған Душанбеде «Памир» журналының арнайы шығарылымы жарық көрді, онда Қазақстанның танымал жазушылары мен ақындарының шығармаларынан, өлеңдері мен публицистикасынан үзінділер ұсынылды. 2011 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен 2011 жылы көпшіліктің оқуы үшін Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалды. 2012 жылы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанның түркі тілдес мемлекеттермен байланысын нығайтуға қосқан үлесі үшін Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновті «Достлуг» орденімен марапаттау туралы өкімге қол қойды. Дүйсен Қасейінов – түркі тілдес елдер мен халықтардың мәдениеті саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту мақсатында құрылған ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы. 2014 жылы қазақстандық Айман Сағатова Ұлыбританияның Олдершот қаласында «Kazakhsha» тері көркемдік студиясын ашты. Оның жұмыстарында сармат, сақ тайпаларының, көшпенділер мәдениетінің элементтері көрініс тапқан. 2015 жылы Рига тарихы мұражайының залында Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global. XXI ғасырдағы әлем» латыш тіліндегі алғашқы кітабы ресми таныстырылды. 2016 жылы француздық «Airbus Defence and Space» компаниясы мен «Ғалам» ЖШС Қазақстанға ғарыш аппараттары үшін күн датчиктерін өндіру технологиясын енгізуге кірісті. 2016 жылы танымал шоколатье Nikolya-ның бірегей жылжымалы шоколад музейі алғаш рет Астанаға келді. Ол көрмеге арнап Қазақстанға арналған туындылар топтамасын дайындап әкелді. Бұл – көне зергерлік бұйымдар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрып жатқан халықтардың бас киімдері. Олардың барлығы Алматыда қазақстандық шоколадтан жасалған. Түпнұсқалары ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қорында сақталып отыр. 2017 жылы Рио-де-Жанейрода қоңыр белбеулер бойынша әлем чемпионы Арманжан Рузахунов Қазақстан және Орталық Азия тарихында алғаш рет бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері атанды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне кіру визалары алынып тасталды. 2017 жылы ҚР және БАӘ азаматтарының өзара визасыз сапарлауы туралы хаттамаға қол қойылған болатын. 2019 жылы Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогында Екатерина Айдова ел рекордын жаңартты. 1000 метрге жарысудан 1.13.7 уақыт көрсеткішін көрсетті. Бұл – қазақстандық спортшының ең үздік нәтижесі әрі Қазақстан рекорды. 2019 жылы Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир өтті. Дмитрий Баландин 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден чемпион атанды. 2020 жылы әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа қытайлық сериалдың саундтрегі Қытайдағы QQ MUSIC платформасында бірінші орынға ие болды.