Ақтауда Өзбекстанға әуе рейсі ашылды
Ақтауда Өзбекстанға әуе рейсі ашылды
Ақтау-Үргеніш-Ақтау бағыты бойынша халықаралық рейс ашылды.
Хорезм облысының әкімшілік орталығы, ежелгі Үргенішке «Скат» әуе компаниясының ұшағы аптасына 2 рет қатынайды.
«Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға тамаша мүмкіндік. 8 наурызда Boeing 737 ұшағы алғашқы рейсті сәтті жасады. Scat.kz сайтында билетті брондауға болады. Орташа баға 73 мыңнан басталады. Аптасына дүйсенбі және сәрсенбі күндері қатынайды»,-дейді авиакомпания өкілдері.
Сондай-ақ, ұшақта барлық санитарлық-эпидемологиялық талаптар қатаң сақталады.