«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр
ашық дереккөзі
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр. Аталған байқауға 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді tvtumar.kz сайты арқылы республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.  Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:
  1. Үздік телевизиялық сериал
  2. Үздік деректі фильм
  3. Үздік ақпараттық бағдарлама
  4. Үздік әлеуметтік жоба
  5. Үздік ток-шоу
  6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  7. Үздік тележүргізуші
  8. Үздік тележурналист
  9. Үздік режиссерлік жұмыс
  10. Үздік аймақтық телеарна
Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Сайыстың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуына ықпал ету. Аталған байқауға бес жыл ішінде мыңнан астам журналист қатысуға өтінім беріп, оның ішінде 178 жұмыс номинанттар тізіміне енді. «Тұмар-2021» байқауының жеңімпаздары сәуір айында белгілі болады. Жүзден жүйрік шыққандар Тұмар сыйлығы мен 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады. [video width="848" height="464" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/03/t_video5348373068328734392-1.mp4"][/video]