38 мың га алқаптан жүгері жиналды
38 мың га алқаптан жүгері жиналды
Бүгін ҚР Үкіметінің егін жинау жұмыстарының барысына арналған селекторлық режимде өткен мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов егін ору науқанының қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта жүгерінің 38 мың га алқабы жиналды, өнімділік 44,7 ц/га. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7 ц/га артық. Сәйкесінше күріш 48,4 мың. га, өнімділік 35,6, 5,3 ц/га артық. Сонымен қатар, картоп, көкөніс және майлы дақылдарды жинау жүргізілуде, өнімділік тиісінше 188,3 ц/га, 239,9 ц/га, 8,2 ц/га құрады», – деді ол.
«Жалпы алғанда астықтың жалпы жиыны бункерлік салмақта 22,0 млн. тоннадан астам көлемде болжануда», – деп түйіндеді бірінші вице-министр.
«Тамыз айының үшінші онкүндігінен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде жаппай егін жинау басталды. Облыстардың жедел ақпараттары бойынша 20 қыркүйекке 11,1 млн. гектарға жуық немесе дәнді дақылдардың жиналатын алқабының 72,1% жиналды. Бастапқы салмақты 16,5 млн. тоннаға таяу астық бастырылды, түсімділік гектарына 14,9 ц/га құрайды. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімінен 3,4 ц/га артық», – деп атап өтті ол.
«Оңтүстік өңірдің облыстары масақты дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, күріш пен жүгеріні жинауға кірісті. Егін жинауды Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтары аяқтады. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиналатын алқаптың 76%-дан 88%-ға дейіні жиналды», – деді Қ.Айтуғанов.