Мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салына бастады

Мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салына бастады

Мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салына бастады
ашық дереккөзі
Ақтөбеде медицина қызметкерлерімен бірге мұғалімдер де вакцина қабылдай бастады. Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Нұрлан Батырхан екпе салдырды. «Алдымен медицина саласының қызметкерлері қабылдады. Кері әсері болмады, бәрінің жағдайы жақсы. Кезек бізге келді. Мен өзім бірінші болып вакцина қабылдадым. Денсаулығым жақсы, вакцинаның жағымсыз әсері байқалмады. Бір ескерте кететін жайт, ешкімді мәжбүрлемейміз. Әріптестерімнің арасында бас тартқандар болмады», – деді Нұрлан Батырхан. Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша барлығы 25 орында вакцина салынуда. Екпе жүргізетін медцина қызметкерлері алдын ала біліктілігін арттырды. «№1 Ақтөбе қалалық емханасында 250 медицина қызметкері екпе қабылдады. Ал бүгін екінші кезеңі басталды. Ақ халаттылармен бірге мұғалімдер және полиция қызметкерлері келді. Біздің аумақта 13 мың адам бар. Әзірге ешкім бас тартып жатқан жоқ. Бәрі «Спутник V» вакцинасын алады», – иммунолог-дәрігер Нұргүл Бисенғалиева.