Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жариялады

Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жариялады

Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жариялады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Сәйкесінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8% болады. Банктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте, бұл шешім азық-түлік нарығындағы сақталып отырған теңгерімсіздіктерге, сыртқы сектордағы жоғары белгісіздікке, сондай-ақ инфляцияның жылдамдау тәуекелдерінің болуына байланысты экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген. Халықтың инфляциялық болжамы тұрақталмаған және жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар тұтынушылық сұраныс тарапынан дезинфляциялық әсердің біртіндеп әлсіреуі күтілуде, бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жағдайында экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты болады.