Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Биыл жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың басым бөлігі (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түрікменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды. 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі – 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 24,3% және зейнеткерлер – 17,3%.