Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Биыл жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың басым бөлігі (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түрікменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі – 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 24,3% және зейнеткерлер – 17,3%.

Back to top button