Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушының жағдайы ауыр

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушының жағдайы ауыр

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушының жағдайы ауыр
ашық дереккөзі
Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр. Үшінші қыздың аяғына ота жасалды. Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков балалардың жағдайын арнайы барып, біліп қайтты. Қазіргі таңда 2012 жылғы екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр. «Екі науқастың жағдайы өте ауыр. Ес-түзсіз жатыр. Шелек аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Күнделікті Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан дәрігерлер келіп, балалардың денсаулығын қарап, қадағалап отыр», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова. Ведомство өкілінің мәліметінше, 2011 жылғы үшінші қыз баланың аяғына ота жасалған. Оның жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер 9 жастағы баланы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырды. Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста.