Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушының жағдайы ауыр

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр. Үшінші қыздың аяғына ота жасалды.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков балалардың жағдайын арнайы барып, біліп қайтты. Қазіргі таңда 2012 жылғы екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр.

«Екі науқастың жағдайы өте ауыр. Ес-түзсіз жатыр. Шелек аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Күнделікті Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан дәрігерлер келіп, балалардың денсаулығын қарап, қадағалап отыр», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілінің мәліметінше, 2011 жылғы үшінші қыз баланың аяғына ота жасалған. Оның жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер 9 жастағы баланы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста.

Back to top button